You are here

2016 жылмен 2017 жылдың 1 жарты жылында соттарда қаралып, ҚК-тің 68 бабына сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылған тұлғаларға қатысты қылмыстық істердің сот тәжірибесі мен прокурорлық қадағалаудың жай күйі туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Прокуратура органдары азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын және қылмыстың, оның ішінде меншікке қарсы қылмыстық істің сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуіне қадағалауды жүзеге асырады.

Республика бойынша көлік прокуратураларының қадағалауындағы соттарда барлығы 2016 жылы 1352 (2017ж.-753) тұлғаға қатысты 1217 (656) қылмыстық істер қаралып, ҚК-тің 68 бабымен 424 іс (197) немесе 94,6% (99%) меншікке қарсы қылмыстар қысқарған.Оның ішінде ұрлық қылмысы 346 (163) іс немесе 77,2% (82%) құрады.

Жалпы ағымдағы жылдың жарты жылымен өткен жылдың осы кезеңін салыстырғанда ұрлық қылмысы 6% азайған.

Бас көлік прокуратурасы қылмыстың жолын кесу мақсатында «Стоп кражам» жобасын дайындап, ол бойынша бірнеше рет теміржолға қарасты мекеме басшыларымен жедел кеңестер өткізіп келеді.

Мысалы жақында, 2017 жылдың 12 қазан күні теміржол арқылы тасымалдантын жүктердің қауіпсіздігін сақтау мақсатында Қазақстан Теміржолы «Жүк тасымалдау» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Казтемиртранс» АҚ, «КТЖ-Экспресс» АҚ, Көліктегі ІІД-і және басқа мекеме басшыларымен бірігіп, кеңейтілген Үйлестіру Кеңесі өткізілді. Онда жүктердің қауіпсіздігі жөнінде жан-жақты талқыланды.

Сондай-ақ, Көліктегі ІІД-не вагондарға тиелген жүктердің ұрлануына тосқауылдың аз екені жөнінде, жалпы қылмысы бойынша профилактикалық жұмыстардың төмендігіне ескертулер айтып, қылмыстың алдын алу үшін нақты тапсырма берілді.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

 

Кишкенебаев Б.Ж.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.