You are here

Достық көлік прокуратурасымен Достық стансасында орналасқан құқық қорғау, арнайы мемлекеттік органдар және көлік мекемелері басшыларының қатысуымен жүргізілген ведомствоаралық кеңес туралы БАҚ-ақпарат

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

       Достық көлік прокуроры Ғ.Б. Әбдіхалықов ағымдағы жылдың 08 желтоқсанында Достық стансасында орналасқан құқық қорғау органдары, арнайы мемлекеттік органдар және көлік мекемелері басшыларымен Достық стансасындағы қоғамдық – саяси жағдайдың тұрақтылығы жөнінде ведомствоаралық кеңес өткізді.

Кеңеске Достық стансасындағы Желілік ішкі істер бөлімі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облысы бойынша департаментінің Достық стансасындағы бөлімше, «Достық» кедені, 2089, 2484 әскери бөлімшелерінің басшылары,  Достық кентінің әкімі және теміржол мекемелері басшылары қатысты.    

Кеңеске қатысушылармен өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, Достық стансасындағы қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығы, мекеме жұмысшыларын еңбекпен қамтамасыз ету, жалақы төлеу жағдайы, еңбекті қорғау.                                                        

Бұдан басқа, Достық стансасындағы діни ахуал, экстремизм мен терроризмге қарсы тұру,  шекаралық аймақта жүріп-тұру тәртібі, құқық қорғау органдарымен өзара ақпарат алмасу жөніндегі мәселелері талқыланды.

Құқық қорғау, арнайы мемлекеттік органдар мен мекемелер басшыларына өз құзыреттілігі бойынша Достық стансасындағы қоғамдық–саяси жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз етуге негізделген тиісті іс-шаралар қабылдау жөнінде нұсқау берілді. 

 

Достық

көлік прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.