You are here

Достық көлік прокуратурасымен Достық стансасында орналасқан көлік мекемелері қызметкерлерімен жүргізілген кездесулер туралы БАҚ-ақпарат

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Достық көлік прокуроры Ғ.Б. Әбдіхалықов ағымдағы жылдың 05 және 06 желтоқсанында Достық стансасында орналасқан көліктегі мекемелердің ұжымдарында қоғамдық-саяси жағдайдың шиеленесу ахуалын анықтау, жұмысшылардың конституциялық құқықтарының бұзылуының жолын кесу және алдын-алу мақсатында көліктегі мекемелердің жұмысшыларымен кездесу өткізді.

Кездесуге Достық стансасында орналасқан 10 көлік мекемелері, оның ішінде ірі «ҚТЖ- Жүк тасымалы» АҚ «Жүк тасымалдау Алматы бөлімшесі» филиалының Ақтоғай локомотив пайдалану депосы, Достық стансасы бойынша «Кедентранссервис» филиалының жұмысшылары, кәсіподақ өкілдері және еңбек инспекциясының маманы  қатысты.   

Барлығы, шараға 350 жұмысшы қатысты.  

Кездесу барысында өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, көліктегі мекемелердің жұмысшыларына қолданыстағы еңбек заңнамасының нормаларын, құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидасы, өңірдегі құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмыстық ахуалды төмендету шаралары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.                     

Достық көлік прокуратурасында тұрақты негізде жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс тобы қызметін атқаруда екені жұмысшылардың назарларына салынды.

Бұдан басқа, кәсіподақ ұйымдарына заңда белгіленген құқыққорғау функцияларын белсенді түрде іске асыруды, жұмысшылардың сенім денгейін арттыру жөнінде кеңес берілді. Жұмысшылардың уәждері мұқият тындалып жауаптар берілді.

Мәселен, жалақы сақталмайтын демалыстың ұзақтығы, жұмысшыларды арнайы жеке қорғану құралдарымен жабдықтау талаптары жөніндегі мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстар жүргізілді.

 

Достық көлік прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.