You are here

Арыс көлік прокуратурасының 2017 жылы атқарған жұмыс қорытындысы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
2017 жылы Арыс көлік прокуратурасымен көлік аймағында заңдылықты қадағалауды нығайту мен күшейту, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Заңдылықты қадағалау барысында, прокуратурамен негізінен азаматтардың конститутциялық құқықтарымен, бостандықтары, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғап, көліктегі қауіпсіздікті қамтамассыз ету мәселелеріне аса көңіл аударылды.
Әлеуметтік-экономикалық саласында қадағалауды жүзеге асыру барысында 3 тексеріс жүргізілді. 74 прокурорлық ықпал ету актісі енгізіліп, 1643 азаматтың конститутциялық құқықтар қорғалды. Көлік мекемелерінің жұмысшыларына +35 градус температура күн ыстығында жұмыс істегендері үшін 3.5 млн. теңге еңбек ақысы төленді. Прокурорлық акті бойынша 14 млн. теңге мемлекеттің пайдасына өндірілді.
Жауапкершілікке 155 тұлға тартылды ( оның ішінде тәртіптік жауапкершілікке - 130 тұлға, әкімшілік жауапкершілікке – 25 тұлға). 121 заңсыз актілер бұзулып, өзгертілді.
Заңсыз жолаушыларды тасымалдаумен күресу мақсатында уәкілетті органдардың жұмыстары үйлестірілді. Мобильдік топ құрылды.
Нәтижесінде 112 астам заңсыз тасымалдаушы әкімшілік жазаға тартылды. 24 тасымалдаушы заңдастырылды, ресми бағыттағы тасымалдаушылардың саны 2 есеге артты.
Енгізілген прокурорлық актілердің негізінде жергілікті атқару органдарымен аудан мен қалалардың маңызы бар жалпы пайдалану жолдары бекітілді.
«Интергаз Орталықя Азия» АҚ-ның 442 шақырым магистральды газ құбырының қорғау аймақтарын айқындау жұмыстары аяқталды.
Қадағалау аймағында қылмыстылықтың деңгейі 11,1% (189-дан 171-ге), оның ішінде қылмыстар 21,6% (153-тен 119-ға) төмендеген.
«Жүктің сақталуы» пилоттық жобаның аясында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ұрлық қылмысы 20,7% (121-ден 96-ға) төмендеген.
Жалпы алғанда атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ауырлығы орташа қылмыстар 23,7% (131-ден 100-ге), ауыр қылмыстар 66,6% ( 3-тен 1-ге), қорқытып алу -50% (2-ден 1-ге), бұзақылық -50% (6-дан 3-ке) төмендеген.
Сонымен қатар, прокуратурамен 8 қылмыстық істер сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғаннан 3 тәулік ішінде сотта қаралуын қамтамассыз етті.
Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру саласы бойынша 6 прокурорлық ықпал ету актісі енгізілді. 16 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 159 млн. теңге мемлекет бюджетіне өндірілді.
Қазіргі таңда, прокуратурамен заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту жұмыстары әрі қарай жалғасуда.
 
 
Арыс көлік прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.