You are here

Арыс көлік прокуратурасы магистральды құбырлардың күзет аймақтарында жер телімдерін пайдалану мәселелері бойынша халықпен кездесу өткізді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Арыс көлік прокуратурасы магистральды құбырлардың күзет аймақтарында және ең аза қашықтықта орналасқан құрылыстар мен жер телімдерін пайдалану мәселелері бойынша халықпен кездесу өткізді.

Кездесуге жергілікті атқарушы органның басшылары мен жергілікті халық қатысты.

Магистралды құбырларға жақын орналасқан құрылыстар құбырлардың қауіпсіз пайдалануына, апаттар мен күтпеген ауыр зардаптар немесе болуы мүмкін зардаптар бойынша жасалғанбейне ролик көрсетілді.

Сонымен қатар, магистралды құбырлардың маңында жері бар азаматтарға жергілікті атқарушы органдар тарапынан жер телімдердің шекараларын көшіруге немесе баламалы жер телімдерін алуға мүмкіндіктері түсіндірілді.

Арыс көлік прокуратурасы осындай түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін құзырлы және жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен, құбыр иелерімен бірігіп арнайы топ құрды. Алдағы уақытта кездесулер осы топ мүшелерімен көлік аймағын толық аралап, халықпен кездесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.

 

                                                                           Арыс көлік прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.