You are here

«Тәуелсіздік жылдарындағы көлік саласында заңдылықты қамтамасыз ету»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Еліміз тәуелсіздік алған жылдар ішінде заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жеткілікті.

Осы орайда заңдардың дәл және бірыңғай қолданылуына қадағалау  жасайтын прокуратура органдарының да үлес салмағы үлкен.

Соның ішінде, көлік нысандарындағы заңдардың сақталуы мен осы саладағы құқыққорғау органдарының қызметіне қадағалауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Бас көлік прокуратурасы егемен еліміздің игілігі үшін белсенді жұмыстар жүргізуде.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Ұлт жоспары - «100 нақты қадам»  бағдарламасында Қазақстанның халықаралық көлік-коммуникациялық ағымдарға интеграциялануы туралы айтқан болатын.

Бұл ретте көлік прокуратура органдарына жүктелетін міндеті де жоқ емес.

Бас көлік прокуратурасы 2010 жылы қараша айында сол кездегі жүргізілген оңтайландыру шаралары барысында Оңтүстік-Шығыс, Батыс және Орталық аймақтық көлік прокуратураларын біріктіру жолымен құрылған болатын.

Бұл прокуратураның негізгі мақсат-міндеттері ретінде тәуелсіз еліміздің көлік кешеніндегі заңдылық пен құқықтәртібін нығайту саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру, көліктегі қауіпсіздік қамтамасыз ету жөніндегі өкілетті органдардың құзыретін нормативті –құқықтық реттеу  және дамыту болып белгіленді.

Атап айтқанда, еліміздің Бас көлік прокуратурасы «Құрыш магистральдарындағы қауіпсіз өмір» жобасы аясында «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның 343 темір жол бекеттерінің күзетілетін санатқа өтуіне ықпал етіп, нәтижесінде осы орындардағы жол-көлік оқиғаларының саны екі есеге азайған.

Сонымен қатар, қолданылған шаралар нәтижесінде көліктегі қылмыстар саны 2000 жылмен салыстырғанла екі есеге дейін төмендеген. (2000 жылғы 6 419-дан 2015 жылғы 3 113 дейін).

Мұның сыртында, Бас көлік прокуратурасы құрылған күннен бастап  экономикалық контрабанда, отын-энергетика (газ, мұнай) саласымен байланысты  құқықбұзушылықтар туралы қылмыстық істерді соңына дейін жеткізу қолға алынды.

Түрлі аймақтарда кеден айналасы саласында көлеңкелі кәсіпкерлікпен шұғылданатын төрт бірдей қылмыстық топтардың заңсыз іс-әрекеттерінің жолы кесілді.

Ал, 2012-2015 жылдары ішікі нарыққа арналған сұйытылған газды мемлекеттің жеңілдетілген бағаларымен сатып алып, жақын және алыс шет елдерге сыртқа заңсыз сатқан жосықсыз бірнеше кәсіпорын анықталды.

Сондай-ақ, көліктегі прокуратура органдарының қызметі құқықбұзушылықтардың алдын алуға  да ерекше  көңіл  бөлінуде.

Нәтижесінде, көліктегі ішкі істер Департаментінің қасақана кісі өлтіру істері жөніндегі тұрақты тергеу-жедел тобының қызметіне қадағалауды күшейту соңғы 3 жылда аталған санаттағы қылмыстардың тыйылуына ықпал етті. Тәуелсіздік алған жылдардан 2012 жылға дейін аталған ауыр  қылмыстар саны көлік саласында 30-дан асқан болатын.

Бөтен мүлікті ұрлауға қарсы іс-әрекет ету жөніндегі жұмыстар   саласында көліктегі ішкі істер Департаментімен және өзге мүдделі  кәсіпорындармен бірлескен жоспарлар жасақталып, оның  тармақтары жүзеге асырылуда. Бұл өз кезегінде меншікке қарсы қылмыстардың азаюына әсер еткені ақиқат.

Басталған істердің соңына дейін жеткізіліп, кінәлілерді заңда көзделген әділ жауапкершілікке тартуда күн тәртібінен түспейтін міндеттердің бірі.

Мәселен, көлік прокуратурасының қадағалауымен «Алматы – Атырау» бағытындағы жолаушылар поезының апатқа ұшырау дерегі, 4 мдрд. теңгеден астам материалдық залал келтірген «Транстелеком» АҚ басшыларының қызмет бабын теріс пайдалануы туралы және аса ірі мөлшерде пара алу үстінде ұсталған «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің үстінен қозғалған қылмыстық істердің аяқталуы қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ, 21 адамның қазасына әкеп соққан «SCAT» әуе компаниясы» АҚ-ның және «Қазақмыс» АҚ нысанында 6 адамның өліміне себеп болған «Olimp Air» кәсіпорны ұшақтарының құлау оқиғалары бойынша кінәлі тұлғалар сот шешімдерімен тиісті жазаларына кесілді.

Бұл істер бойынша тәуелсіз еліміздің тарихында тұңғыш рет, бар кінәні қайтыс болған ұшқыштарға жаба салуға жол бермей, әуе компанияларының басшылық құрамының қызметкерлерін жауапкершілікке тартуға қол жеткізілді.

Көлік прокуратурасына азаматтар мен мекемелер тарапынан түсетін  арыз-шағымдар саны артып келеді. Соңғы жылдары ішіндегі статистикалық мәліметтерге сүйенсек жеке және заңды тұлғалармен бұзылғын құқықтарды қайта қалпына келтіру және заңнамаларға түсіндірме беруге қатысты хат-хабар алмасу 60 мыңнан асып жығылады.

Бұл көлік прокуратурасы органдарына деген  тұрғындар сенімінің  мол екендігін  көрсетсе керек.

Сөз соңын түйіндей келе, тәуелсіз отанымыздың тұғырлы мемлекет  болып, бәсекеге қабілетті алдыңғы қатарлы 30 ел арасына қосылуы үшін  қоғамымызда, соның ішінде көлік саласында заңдылықтар мен құқықтәртібін қамтамасыз ету қашан да қажет.  

 

Еркебұлан Рыскелдиев,

ҚР Бас көлік прокуратурасының басқарма бастығы,

әділет кеңесшісі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.