You are here

Мергеннің тағдыры

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Бастаубаев Үркінбай, 1917 жылдың 2 ақпанында Алматы облысы, Кеген ауданы, Меркі елді мекенінде дүниеге келген.

Әскерге 1940 жылдың 3 ақпанында азаматтық борышын өтеу үшін № 117-ші кавалериялық полкке аттанған. Одан бұрын 1937 жылы Алматы облысындағы Тургендік педогогикалық училищені бітіріп, Кеген ауданының совхозында санақшы (счетовод) болып жұмыс істеген.

Ү. Бастаубаев соғысқа аттанар алдында үйінде жұбайы Тіленшиева Мәтішпен 1 жастағы ұлы Бастаубаев Амангелді (1939 ж.т.) қалған.

1941 жылдың маусымында, яғни Ұлы Отан соғысы басталғанда № 117-ші полк 52-ші кавалериялық дивизиясына қосылып, дивизия әскерлерін Брянск облысы Унечя және Песочная станцияларына жолдап, сол төңіректегі ормандардың арасында шайқас жүргізуге дайындаған. Ол жеге кавалерияның генерал-инспекторы - генерал-полковник О.И. Городовиков жолданып, 21 және 52-ші дивизия арасынан кавалерлік топ құра бастаған.

1941 жылдың қазан айында 52-ші дивизия Брянск фронтының 3-ші армиясының құрамына қосылып, Ефремовке қарсы шабуылдан қорғанысты қамтамассыз еткен.

Қазанның 23 жұлдызында фашисттер Белев және Фатеж фронттарының қапталдық қорғаныстарын мықты соққылармен құлатып, фронттарды иемдеп алған. Сол күні Мценск ауданындағы Гудериананың 2-ші танктік армиясы Совет одағының 50-ші армиясына шабуыл жасап, оларды солтүстік-шығысқа қарай шегінуді мәжбұрлеген. Жаудың осы әрекеттері қазан айының аяғына қарай оларды Теплое ауданындағы 3-ші армияның қорғаныс қанатына жеткізген. Бұл жерге Гитлерліктер моторландырылған мықты әскерлерін жолдағандықтан, Совет одағы үшін ауыр қорғаныстық шайқас басталған.

Аталған аумақтан айырылмау мақсатында 2-ші қарашада 52-ші дивизиямен, соның ішінде Бастаубаев Үркінбай жаудың оң қанаттық бөліміне қарсы соққы жасап, Гудериан әскерінің күшін біраз әлсіреткен. Алайда Совет одағының жаяу әскері жаудың моторландырылған армиясына тосқауыл қоя алмай, қарашаның 23-ші күні Қызыл Армия Ефремовты қалдырып, артқа шегінуге мәжбүр болды.

Совет одағының 3-ші армиясымен Гитлерліктердің 2-ші армиясының арасындағы шайқас күннен күнге қиындай түскен. Соған қарамастан Совет әскерлері жаудың күштілігіне берілмей, желтоқсан айының басында 212 және 269 атқыштар дивизиясының көмегімен соққыға қарсы соққы жасап, жаудың бетін Шаховское, Софьино және Куркино шебіне қарай қайтарған.

Содан кейін 1941 жылдың 21 шілдесінде Бастаубаев Үркінбай № 7-ші мотоатқыштар батальонына «атқыш» ретінде жолданған.

Сол жылдың 5-ші желтоқсанында Калининнен Ельцаға дейінгі ұзындығы 1000 км өңірде орасаң зор Мәскеулік шайқас басталып, дивизия Елецтік операциясына қатысқан. Шайқас барсаңында 8-10 күннен кейін, Калининдік, Батыстық және Оңтүстік-Бастыстық басты бағыттарда фашисттер жеңіле бастап, шайқас алаңында өздерінің танкілерін, зеңбірлік орнатқыштарын, құралдарын, жарақаттанған біздің зеңбіршілерімізбен ұшқыштарымызды тастап артқа қашқан.

Сөйтіп 3-ші армияның басқыншылығы 1941-1942 жылдардың қыс мезгілінде Белев, Мценcк шекараларына, одан әрі Зуша өзенінің солтүстік-шығыс жағалауымен Новосильге дейін жеңспен жеткен.

1942 жылдың шілдесінде Бастаубаев Үркінбай № 7 механикалық атқыштар полкіне «мерген» (снайпер) болып тағайындалған.

Ұлы Отан соғысында өз азаматтық борышын жанқиярлы атқару барысында 1944 жылдың 27 шілдесінде Ү. Бастаубаев жаудың оғынан басына ауыр жарақат алып, Красноярлық аймақтың Енисей аудандық Подгорное әскери комиссариатынан Алма-Ата қаласының әскери ауруханасына жеткізіліп, жедел жәрдем көмегімен өлім аузынан аман қалған.

Соғысқа қатысқаны үшін СССР Жоғарғы Кеңесінің Президимуның Жарлығымен бірнеше медальдармен марапатталған.

Соғыстан оралғаннан кейін, Кеген ауданының орта мектебінде есепші болып 1953 жылға дейін. Содан кейін ауданның мал дайындау конторасында дайындаушы болып 1962 жылға дейін. Одан әрі әкімшілікте хатшысы және есепші қызметтерін жүргізген. Еңбек демалысына шыққаннан кейін орманшылық кәсіпке ауысып өмірінің соңғы уақытына дейін сол салада еңбек еткен.

Отбасында өмірлік жолдасы Тіленшиева Мәтішпен бірге 8 бала тәрбиелеп, олардан 32 немере, 57 шөбере тараған. Бүгінгі таңда ұрпақтарының үлкендері Амангелді, Рысхан, Тұрсынгелді, Асият, Мира - зейнеткер, кішілері Римамен, Есенгелді - кәсіпкер. Қорлан қызы дүниеден қайтқан.

Немерелері түрлі салада қызмет атқаруда. Оның екеуі құқық қорғау органдарында: Айтжанов Талғат (Асияттың ұлы)- Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетінің Алматы облысы бойынша Департаментінде бас маман - аса маңызды істер бойынша аға офицері; Ізбасаров Данияр (Мираның ұлы) - Қазақстан Республикасы Бас көлік прокуратурасы арнайы прокурорлар Басқармасының бастығы.

Ұлы Отан соғыс ардагері Бастаубаев Үркінбай 1993 жылы 76 жасында дүниеден өтті.

 

Қазақстан Республикасы

Бас көлік прокуратурасының

баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.