You are here

Менің атам – менің мақтанышым!

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Қотанбаев Жұмахмет, 1916 жылдың 1 қаңтарында Алматы облысы, Балхаш ауданы, Құйған елді мекенінде дүниеге келген.

Әскерге 1937 жылы аттанған. Оғанға дейін ауылдағы бастауыш мектепте мұғалім болып жұмыс істеген.

1939 жылы әскерден қайтпақ болғанда заман өзгеріп, Хасан көлінің маңына кадрлық әскери қызметке ауыстырылады. 1941 жылдың маусымында, яғни Ұлы Отан соғысы басталғанда қиыр шығыстағы Благовещенск жеріндегі майданға жолданды. Ол жерден Чкалов қаласына 500 адаммен бірге ауыстырылып, офицерлік қызметін бастады. Офицерлік борышын атқару барысында танкистердің әскери бөлімшесінде танк командирі болып тағайындалады. Соғыстан 1946 жылы оралып, Балхаш ауданының орталығы Бақанас селосындағы Молотов атындағы орта мектепте әскери сабақтан дәріс беріп, кейіннен отбасын құруына байланысты Бозжанов атындағы орта мектепте мұғалім, соңынан аудандық оқу бөліміне әскери инспектор болып жұмыс істеген. Одан кейін 7 жылдық Көккөл мектебінің алғашқы директоры болып тағайындалды. Құрметті еңбек демалысына шығар алдында бірнеше жыл Балатопарселосындағы Жамбыл орта мектебінде ұстаздық еткен.

«Қазақ ССР Халық ағарту ісінің озық қызметкері» төсбелгісімен, соғысқа қатысқаны үшін СССР Жоғарғы Советінің бұйрығымен бірнеше медальдармен марапатталған.

Еңбек демалысына шыққаннан кейін орманшылық кәсіпке ауысып өмірінің соңғы уақытына дейін сол салада еңбек атқарып, «Мемлекеттік орман қорғау үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Отбасында өмірлік жолдасы Рәпікқызы Кінәймен бірге 7 бала тәрбиелеп, олардан 22 немеремен 37 шөбере тараған. Бүгінгі таңдаұрпақтары түрлі салада қызмет атқаруда. Үлкендері Жеңісбек, Гүлнар- зейнеткер, әке жолын қуған ұл-қыздары: Ізбала, Зура - мұғалім, Ізбасар, Даулет - кәсіпкер, Сауле - орман шаруашылығында қызмет жасайды.

Немерелерінің екеуі құқық қорғау органдарында қызмет атқаруда, нақты айтқанда: Жеңісбекұлы Марат - Алматы облысының ішкі істер органында полиция инспекторы және Ізбасарұлы Данияр - Қазақстан Республикасының Бас көлік прокуратурасы арнайы прокурорлар Басқармасының бастығы.

Ұлы Отан соғыс ардагері Қотанбаев Жұмахмет 1994 жылы 80-ге қараған шағында дүниеден өтті.

 

Қазақстан Республикасы

Бас көлік прокуратурасының

баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.