You are here

Қылмыстық қудалау органдарымен кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын тәжірибиеде қолданылуы жөнінде

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Прокуратура органдары азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын және сотқа дейінгі іс жүргізуде “кепілдің” қолданылуы бойынша қадағалауды жүзеге асырады. 

Кепіл дегеніміз не? Оны қалай қолданады?

Кепіл - күдіктінің, айыпталушының анықтау, тергеу органдарына немесе сотқа олардың шақыруы бойынша келуі жөніндегі міндеттерін орындауын қамтамасыз ету үшін күдіктінің, айыпталушының өзі не басқа жеке немесе заңды тұлға соттың депозитіне, сондай-ақ қылмыстық процесті жүргізуші орган қабылдайтын жылжымайтын мүлік пен басқа да бағалы заттар түрінде салатын ақшадан тұратын бұлтартпау шарасы.

Кепілдің ерекшелігі – кепіл беруші ретінде күдікті тұлғаның өзімен қатар, жеке немесе заңды тұлға бола алады.

Күдікті, айыпталушы қылмыстық қудалау органдары немесе сот шақырғанда келуден жалтарған жағдайда кепіл мемлекет кірісіне  аударылады.

Кепіл затын қайтару құқығы қылмыстық процестің кез-келген сатысында жүзеге асады. Оған күдіктіні немесе айыпталушыны әкелуді қамтамасыз етуді жүзеге асыра алмайтыны жөнінде қылмыстық процесті жүргізуші органға жазбаша арызданса жетеді. Заң бұзушылық анықталмаған жағдайда, кепіл заты оған тез арада қайтарылып, күдікті немесе айыпталушыға басқа бұлтартпау шарасы қолданылады.  

Кепіл көлімі 50-ден 500 АЕК дейінгі мөлшерде және қылмыстық іс-әрекеттің сипатына, күдіктінің жеке басы, кепіл берушінің мүліктік жағдайына қарай есептелінеді. Кепіл ретінде басқа да құндылықтар, жылжитын және жылжымайтын мүлік қабылдануы мүмкін.

Егер күдікті, айыпталушы өздеріне жүктелген міндеттерді бұзбаса, бірақ күдіктіге, айыпталушыға қатысты неғұрлым қатаң бұлтартпау шарасы қолданылса, қылмыстық іс бойынша үкім немесе іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарылса, кепіл берушіге кепіл нысанасы дереу қайтарылады.

 

Қандыағаш көлік прокурорының орынбасары Наменов Р.С.    

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.