You are here

Көлік прокуратурасының ардагері

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Көлік прокуратурасының ардагері

 

Қазақстан Республикасының Прокуратура күні қарсаңында заңдылық пен құқықтық тәртіпті бекіту ісінде қомақты үлес қосқан көлік прокуратурасының ардагерлерін еске алмау мүмкін емес. 

Бүгінде үлкен құрметке ие болып жүргендердің бірі - көлік прокуратурасының ардагері Даулембаев О.С.

Орынбасар Смағұлұлы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген соң, Ақтөбе облысы, Октябрь аудандық прокуратурасына келіп тергеу қызметінен еңбек жолын бастап, Темір ауданының прокуроры, Ақтөбе көлік прокуроры /1992-2001 жылдары/, Орал көлік прокуроры /2001-2004 жылдары/, Ақтөбе қалалық Әділет  басқармасының бастығы, тағы басқа лауазымды қызметтерді абыроймен атқарды.

         Қазіргі уақытта Орынбасар Смағұлұлы С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің басқару департаментінің директоры.

         Даулембаев О.С. 32 жыл заң саласында, құқық қорғау органдарында қызмет істеп, оның ішінде 21 жыл прокурор, 10 жыл тергеуші болғанында, қылмыстық іс соттан қайтарылып, қыскартылып көрмеген.

Ағамыз қай салада істесе де абыройлы болды. 1995 жылы «Қазақстан прокуратурасының құрметті қызметкері» атағына иеленді.

Шәкірттері аудан, облыс прокурорының орынбасарлары болып істейді. 

Орынбасар Смағұлұлын және прокуратураның барлық ардагерлерін, әріптестерімізді Қазақстан Республикасының Прокуратура күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Шаңырақтарыңызға таусылмас береке мен молшылық, денсаулық,  бақыт, қажымас қуат, кәсіби жетістіктерді тілейміз!

Ақтөбе көлік прокуроры

А.Ордабаев       

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.