You are here

Жүк вагонындағы затта радиоактивтік сәуленің белгіленген мөлшерден көптігі бойынша БАҚ-на ақпарат

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

16.11.2016 жылы Шымкент көлік прокуратурасына белгісіз тұлғадан түскен ақпарат бойынша №378 «Маңғышлақ-Алматы» жолаушылар поезының жүк вагонында 7 дана ағаш қораптағы жалпы салмағы 485 кг. болатын жүк анықталған. Жол құжаттарына сәйкес, жүк «дефектаскоп» деп көрсетілген.

Аталған ақпаратты тексеру Шымкент станциясындағы ЖІІБ-ның, Шымкент көлік прокуратурасының, ОҚО бойынша төтенше жағдайлар департаментінің, ОҚО бойынша ұлттық қауіпсіздік департаментінің  қызметкерлерімен жүзеге асырылған.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен жүргізілген іс-шаралар негізінде жүк вагонына артылған жүктің белгіленген радиоактивтік сәуленің мөлшерден тым көп дерегі анықталған.

Бұл оқиға Шымкент станциясындағы ЖІІБ-ның СДТБТ-не ҚК-тің 283 бабы 1 бөлігімен яғни «Радиоактивтi заттарды, радиоактивті қалдықтарды немесе ядролық материалдарды заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, пайдалану, беру, қайта өңдеу, ыдырату, тозаңдату немесе көму» дерегімен тіркелген.

Қоршаған ортаға және айналадағылардың өміріне қауіп төнуін ескеріп, жүк вагоны ішіндегі заттармен қоса жолаушылар поезынан ағытылып, Шымкент теміржол паркінің қауіпті жүктерді сақтайтын жерге орналыстырылды.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» РМК филиалының сарапшыларымен жүргізігне дозиметрлік қарау жүргізу барысында  жүктің белгіленген радиоактивтік сауленің мөлшерден, яғни 2 ден 57 микрозиверт/сағатқа дейін өсуі анықталған.

Қазіргі кезде жүк вагоны «Әскериленген теміржол күзеті» АҚ-ның күзетшілерімен күзетілуде.

 Алдын-ала жинақталған мәліметтерге сәйкес, жүкті жөнелтуші «Радиофон» ЖШС (Ақтау қаласы) екендігі мәлім болған

Қылмыстық іс бойынша Шымкент станциясындағы ЖІІБ-ның тергеу бөлімшесі тиісті тергеп-тексеру әрекеттерін жүргізуде. Оқиға салдарынан құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.   

 

 

Шымкент көлік прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.