You are here

Жолаушылардың құқықтарын қорғау бойынша Астана қаласының әуе көлік прокуратурасы өткізіп жатқан жұмыс туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Күн сайын әрқайсы жолаушы әуежайда авиарейстің кешігуі немесе тоқтатылуы, багаждың уақтылы жеткізілмеуі немесе жоғалуы, сондай-ақ, авиакомпаниялар тарапынан сапасыз көрсетілген қызметтер секілдібір проблемаға тап болады.

Авиажолаушыларға қандай жағдайларда олардың мүдделері қорғалуына құқылы екенін түсіну қиын.Көбі уақыты, тәжибесі болмағандықтан немесе ақшалай шығындарын өз бетінше өтетуге өз-өзіне сенбегендіктен авиакомпанияларға немесе сотқа жүгінбейді.

Осыған орай, авиакомпаниялар ұсынатын қызметтердің спасын арттыру және жолаушылардың құқықтарын қорғау мақсатында Астана қаласының  Әуе көлік прокуратурасы(бұдан әрі – Прокуратура) Азаматтық авиация комитетімен бірлесіп «Air Help» ақпараттық  мобильді қосымша арқылы  жобаны тәуелсіз «жүзеге асырушыларды» іздеуге бастамашылық етеді.

Мысалы, рейс кешікті, багаж жоғалды және т.б. авиажолаушы смартфонынан «Air Help» ақпараттық  мобильді қосымша арқылы өзі және рейс туралы деректерді көрсете отырып өтінімді толтырады. Содан кейінтәуелсіз «жүзеге асырушы»(фирма) авиакомпания жолаушыға шығындарды өтеуге құқылы ма әлде жоқ па екенін тексереді.

Егер өтемақы төленуге тиіс болса, жолаушы мобильдік хат алмасу (сөйлесу) арқылы өтемақыны авиакомпаниядан өтеп алу құқығын оларға береді.

Фирма талап қою жұмысын бастайды, егер талап қанағатандырылып, жолаушыға өтемақы төленсе, ол жүргізілген жұмыс үшін қосымша төлемді авиакомпаниядан өтеп алады.

Тәжірибе бойынша істердің 80–90%-ы заңгерлердің авиакомпаниямен хат алмасу деңгейінде шешіледі. Одан әрі төлем жасалмаса, фирма сотқа талап-арызбен жүгінеді.

Ынтымақтастық туралы толығырақ ақпаратты прокуратурадан 8/7172/43-33-36 телефоны арқылы немесе 7176004@prokuror.kz,. электрондық поштадан немесе Азаматтық авиация комитетінің Халықаралық қатынастар және авиациялық тасымалдар басқармасынан 8/7172/75-48-06 телефоны арқылы немесе s.tompieva@ mtc.gov.kz.электрондық поштадан алуға болады.

Барлық ұсыныстарыңыз міндетті түрде қарастырылады.

 

Астана қаласының әуе көлік прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.