You are here

Жетісу көлік прокуратурасының 2017 жылдың 3 айында атқарған жұмысы туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жетісу көлік прокуратурасысы (одан әрі - прокуратура)негізгі күшті көлік инфраструктурасы ұйымдарының және құзыретті мемлекеттік органдардың қызметінде құқық қорғау мен заңдылықты нығайтуға бағытталды.

Азаматтардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттің экономикалық мүддесін сақтау сияқты басымды талаптар қойылды.

Прокуратурамен 22 заң бұзушылықтар анықталды, 13 ұсыныс енгізіліп, әртүрлі жауапкершіліктің түрлеріне 14 тұлға тартылды.

Прокуратурамен жеке кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мен заңдылықты қамтамасыз етуге бағытталған шаралар іске асырылды. Кәсіпкерлердің құқықтарын бұзғаны үшін 2 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 7 кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары қорғалды.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның «Алматы» магистральды газқұбырлары Басқармасында өткізгіш құбырлары көлігінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізілген тексеру барысында экологиялық, еңбек өртке қарсы, өнеркәсіп қауіпсізідігі туралы заңнамаларының талаптарының бұзылуы, сонымен бірге апатты  жасырушылық фактілері  анықталды.

Тексеру нәтижесінде құзырлы мемлекеттік органдарына 8 ұсыныс енгізілді, оларды қарау нәтижесінде сомасы 1 млн. аса теңге құрайтын 5 әкімшілік іс қозғалды, 393 мыңнан аса теңгеге кінә қойылды, 5 басшы лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мемлекеттің экономикалық мүддесін қорғауда қадағалау актілері бойынша мемлекет пайдасына 67 млн. теңгеден аса сомаөтелді, оның ішінде атқарушылық өндірісі бойынша 65 млн. теңгеден аса сома өндірілді.

Прокуратураның көлік саласында заңдылықты нығайту және қадағалау пәрменділігін көтеру бойынша  жұмысы жалғастырылады.

 

Жетісу көлік прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.