You are here

Теміржолшылармен кездесу

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Осы жылдың 23 және 28 тамызында Ақмола көлік прокуратурасымен Көкшетау мен Астана қалаларында Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі ұжымымен кездесу өткізілді, аталған шарада 30-дан астам басшылар санаттағы адамдар қатысты.

Жиналыс мәжілісінде прокуратураның көліктік инфрақұрылым объектісінің қызметінде өткізген тексерістің нәтижелері жеткізілді, сонда локомотив пен вагон шаруашылық жұмысында көрініс тапқан негізгі кемшіліктер аталды.

Сонымен қатар, қатысушылармен Конституция мен жаңа «Прокуратура туралы» Заңына енгізілген өзгерістері талқыланды, жұмыскерлердің қызықтыратын барлық сұрақтарына жауап беріліп, жұмысшылардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.

Жүк тасымалы бөлімшесінің басшылығына темір жолда қауіпсіздікті бұзуының алдын алу шараларынүнемі түрде, сонымен бірге арнайы бекітілген Өзара әрекеттестік алгоритмі негізінде өткізу туралы ұсыныс берілді.

Өткізілген жиын жиналысының нәтижесінде Ақмола жүк тасымалы бөлімшесінің басшысы Н. Жаниязовпен поездар қозғалыс қауіпсіздігін арттыру және еңбекті қорғау бойынша іс-шараларын жетілдіру туралы, жарақат қауіпті учаскелерінде қоршау орнату және алайда анықталған бұзушылықтарды болдырмау бойынша шешім қабылданды.

Темір жол көлігіндегі қауіпсіздікті қадағалау прокуратураның бақылауында тұр және оның қызметінде басымдылық бағытқа ие.

 

Ақмола көлік прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.