You are here

Теміржол жүк вагонында радиоактивті заттардың анықталу дерегі бойынша жүргізілген тергеу нәтижелері туралы БАҚ-на ақпарат

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2016 жылдың 16 караша күні №378 «Маңғышлақ-Алматы» жолаушылар поезының құрамындағы жүк вагонында 7 қорапқа тиелген дефектоскоптар анықталған болатын.

Аталған қораптардың айналасында радиация деңгейін өлшеу барысында радиоактивті сәулелену мөлшері шамадан тыс екені анықталды. 

         Осы дерек бойынша Шымкент стансасындағы ішкі істер бөлімімен Қылмыстық кодексінің 283 бабының 1 бөлігімен, яғни «Радиоактивтi заттармен заңсыз жұмыс істеу» дерегі бойынша алдын ала тергеп-тексеру басталды.

Тергеу барысында сараптамалық зерттеулер тағайындалып, іс бойынша маңызы бар бірқатар тергеу іс-әрекеттері жүргізілді.

Радиологиялық сараптама нәтижесімен ұсталған дефектоскоптардың радиоактивті сәулелену деңгейі рұқсат етілген шамада екені, олардың қоршаған ортаға, адам өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төндірмейтіні анықталды.

Сонымен қатар, дефектоскоптардың иесі – "Радифон" ЖШС тарапынан оларды тасымалдауға қажетті барлық құжаттар ұсынылды.

Осыған байланысты, Шымкент стансасындағы ішкі істер бөлімімен  аталған дерек бойынша қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты қысқартылып, ұсталған жүктер олардың иесіне қайтарылды.

 

 

Шымкент көлік прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.