You are here

«Прокуратура туралы» Заңның 25-2 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас көлік прокурорының үндеуі

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Соңғы кезде жолаушыларды автокөлікпен жасырын тасымалдау жағдайлары  жиілеуде.

Заңсыз тасымалдаушылардың қызметі жолаушылардың, сондай-ақ басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жоғары деңгейдегі қатермен байланысты.

Мұндай санаттағы тасымалдаушылар өз қызметтерін жүзеге асыру кезінде жүргізушілерге керекті біліктілігінің бар болуы, өрт сөндіру және алғашқы медициналық көмек көрсету құралдарының, көлікті рейс алдындағы тексеру және жүргізушілердің медициналық тексеруден өтуі, жолаушылардың алдында жауапкершілігін сақтандыру сияқты заң талаптарын ескермейді.

Мысалы, 2016 жылғы 6 сәуір күні Батыс Қазақстан облысы «Самара-Шымкент» автокөлік жолында 63 жолаушыны заңсыз тасымалдап жүрген «Daimler-Benc» автобусы аударылған. Жол апатының нәтижесінде 4 адам қаза тауып, басқалары әртүрлі жарақат алды. Автобусты жүргізген азамат 2010 жылдан бастап 16 рет жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Оған қоса, 2015 жылдың 25 наурызында автобусты есірткі әсерінен мас болып жүргізгені үшін оның жүргізуші куәлігі тәркіленген.

Заңсыз тасымалдаушылардың қызмет нысанасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабына (рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру) сәйкес құқық бұзушылықтың белгілері болып табылатынын атап өткен жөн.

Осы баптың санкциясында қайта құқық бұзушылық жасағаны  үшін (бір жыл ішінде) қылмыс қаруын баламасыз тәркілеу қарастырылады, бұл жағдайда автобус тәркіленеді.

Ағымдағы жылдың тамыз айында Бас көлік прокуратурасының бастамасы бойынша әрбір аймақта жергілікті полиция қызметтерінің жанынан жергілікті атқарушы  органдар мен көліктік бақылау органдарының қатысуымен мобильді топтар құрылды.

Заңсыз жолаушылар тасымалдау фактілерін анықтау кезінде тасымалдаушының қызметі тоқтатылады, кінәлі тұлғаға заңмен белгіленген шешім қабылданғанғ дейін және заңда анықталған жауапкершілікке тарту үшін автокөліктің жүруіне бөгеу жасап, айыппұл тұрағына орналыстырылады.

Жолаушы, заңсыз тасымалдаушылардың қызметтерімен пайдаланған жағдайда заңсыз тасымалдаушыдан шығындарды азаматтық заңның аясында өндіріп алуға құқылы екені түсіндіріліп, көлікке мінгізу орнына қайтарылады.

Кез келген растайтын құжаттары (жол жүру билеті, түбіртек, чек) болмаған жағдайда заңда белгіленген тәртіппен тасымалдаушыдан жол жүру үшін төленген сомаларды қайтару қиынға түсетінін атап өткен жөн.

Жоғары айтылғандарға байланысты Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабына, Қазақстан Республикасы «Прокуратура туралы» Заңының 25-2 бабына сәйкес:

АЗАМАТТАРДЫҢ НАЗАРЫН АУДАРАМЫН:

1. Қажетті рұқсат беретін құжаттарсыз немесе лицензиясыз жолаушыларды және жүкті тасымалдау бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызметіне жол берілмейтінін тасымалдаушыларға ескертемін. Бұл әрекеттерге әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, оның ішінде көлікті тәркілеу түріндегі жауапкершілік бар.

2. Жолаушылардың құқықтары бұзылуының алдын алу мақсатында сапарларды жүзеге асыру кезінде аталған талаптарға сәйкес жұмыс істейтін ресми автокөлік тасымалдаушылар қызметін (автовокзалдан немесе белгіленген тәртіппен жазбаша келісім бойынша) пайдалану қажеттігін хабарлаймын.

3. Жолаушыларды заңсыз тасымалдаушылармен саяхат жасау кезінде теріс салдарлардың болуы мүмкін екені туралы ескертемін.

 

Ыбырай Тлеуғалеев,

Қазақтан Республикасының

         Бас көлік прокуроры         

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.