Прокуратура авто иелерінің құқығын қорғады | Бас көлік прокуратурасы

You are here

Прокуратура авто иелерінің құқығын қорғады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокурордың тапсырмасы бойынша Бас көлік прокуратурасы Ресей-Моңғолия шекарасы арқылы Қазақстанға әкелінген автокөліктерді тәркілеу және уақытша тұрақтарға қою бойынша мемлекеттік кірістер мен ішкі істер органдары әрекеттерінің заңдылығына талдау жүргізді.

Нәтижесінде көлік құралдары Қазақстанныңаумағына 2014-2015 жылдары әкелінгені және Ресейдің кеден органдарында жеке пайдалану үшін ресімделгені анықталды. Алайда белгіленген мерзім өткеннен кейін автомобильдер кеден аумағынаншығарылмаған. Сол себепті Ресей тарапы Қазақстанның Мемлекеттік кірістер комитетіне олардың нақты орналасқан жерін тексеру өтінішімен жүгінген.

Тексеру барысында, көліктер ішкі істер органдарында жалған кеден декларациясы бойынша тіркелгені және көбісі бірнеше рет қайта сатылғаны белгілі болды. Жалпы ондай 850 автокөлік анықталды.

Мемлекеттік кірістер және Әкімшілік полиция комитеттері олардың қазіргі иелерінен кеден салығын өндіріп алу үшін көлік құралдарын ұстауға кірістіТексеру барысында уақытша сақтау қоймаларына 32 автомобиль жеткізілгені белгілі болды. 

Бас көлік прокуратурасы, жоғарыда аталған органдардың әрекеті асығыс және көлік құралдары иелерінің құқықы бұзылды деген тұжырымға келіп, Мемлекеттік кірістер комитетінің заңсыз ісіне наразылық енгізді.

Нәтижесінде тәркіленген көліктер қазіргі иелеріне қайтарылды.

Одан басқа, ағымдағы жылғы 19 шілдеде Бас прокуратура көлік құралдарын ішкі істер органдарында тіркеу барысында лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану бойыншаҚылмыстық кодекстің 361-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіменжүргізілуде.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.