You are here

Прокуратура ардагері Абдолла Оразбайұлы Төлекбаевтың 90 жасқа толуына байланысты құттықтау рәсімі

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2017 жылдың 27 қаңтарында жастарға тәлім-тәрбие, өнеге беру мақсатында асқақ рухты прокуратура ардагерлердің қатарындағы Абдолла Оразбайұлы Төлекбаевтың 90 жасқа толуына байланысты Атырау облыстық ардагерлер төрайымы А.Ш. Кумганбаева және Атырау көлік прокуратурасының жас мамандары құттықтап қайтты. Құттықтау қарсаңында ардагеріміздің тұрмыс-тіршілігін анықтап, отбасы жағдайымен таныстық.

Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың 3-ші ақпанында ардагерімізді Атырау облысы прокуроры және де басқа да прокуратура ардагерлердің қатысуларымен кең құттықтау шарасы өтті. Онда Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының кеуде белгісімен марапаттап, Бас көлік прокурорының және Атырау облыс прокурорының құттықтау хаттары келіп түсті.

Абдолла Оразбайұлы 1927 жылдың 27 қаңтарында, Атырау облысының Макат ауданында дүниеге келген.

1961 жылы Атырау қалалық прокуратурасында тергеуші болып жұмыс жасап, кейін 1966 жылы Мақат ауданының прокуроры қызметіне тағайындалған.

1971 жылы Атырау облыстық прокуратурасының тергеу бөлімінің  бастығы болып тағайындалған.

Ал, 1977 жылдан бастап Атырау қаласының көлік прокуратурасында прокурор қызметін атқарып, 1987 жылы еңбек демалысына шықты.

Ағамыздың жастық шағы соғыс жылдарына тап келген. Сол жылдары ағамыз Мақат аудандық сотында хатшы болды. Кейін сот орындаушы қызметін де абыроймен атқарды.

Абдолла Оразбайұлы Ұлы Отан соғысы кезінде тылда қызмет жасап,  Жеңісті жақындатуға зор үлес қосқан.

Құрметті ардагерімізге мықты денсаулық, отбасына бақыт, ырыс-береке, ұзақ ғұмыр тілейміз.

 

                                                 Атырау көлік прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.