You are here

Пойыздар кестесінің өзгеруі

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жезқазған көлік прокуратурасы 87 мыңнан астам пойыз жолаушыларының құқықтарының бұзылғанын анықтады.

Атап айтқанда, Қаражал-Қарағанды пойызы Жаңаарқа транзиттік станциясына келіп тоқтағанда, вагондарды локомотивтен ағытуды онда адамдар отырған кезде жүргізеді. Станцияның теміржол тұйығында тұрған жолаушылар Жезқазған-Астана-Жезқазған жол-жөнекей өтетін пойызын әр бағытта 3,5 сағаттан астам уақыт күтуге мәжбүр.

Дәл осындай Балқаш-Жезқазған жолаушылар пойызы Жарық станциясында 3,5 сағаттан артық тұрған.

Адамдар бірқатар санитариялық жағдайлардың жоқтығына байланысты қолайсыздық пен қиындықтарды басынан кешірген.

Бұдан бөлек, қауіптілігі жоғары аймақта жолаушылар вагондардан шығуға және белгіленбеген жерлерден теміржолдан өтуге мәжбүр болған.

Бұған дейін «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-да аталған пойыздардың қозғалыс кестесі бірнеше мәрте түзетілген, бұл ретте вагондардың бос тұруы есепке алынбаған.

Прокуратураның ұсынысы бойынша екі пойыздың қозғалыс кестесі өзгертіліп, аялдау уақыты сәйкесінше 60 және 49 минутқа қысқартылды.

Тасымалдау процесіне жауапты «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ лауазымды адамы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

 

Қазақстан Республикасының

Бас көлік прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.