You are here

Магистралды құбырлардың айналасындағы жерлерді пайдалану мәселелері бойынша Бас көлік прокуратурасымен өткізілген мәжіліс туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдағы жылдың 12 мамыр күні Шымкент қаласында Бас көлік прокуратурасының бастамасымен магистралды құбырлардың қорғау мен қауіпсіздік аймақтары шегіндегі жерлерді пайдалану мәселелері бойынша кеңейтілген мәжіліс өткізілді.

Бұл мәжілісті өткізуге адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін еліміздің кейбір облыстарында құрылыс нысандарын, соның ішінде тұрғын үйлерді, магистралды құбырлардыңдәл жанынан салуға байланысты қалыптасқан жағдай себеп болды.

Мысалы тек Оңтүстік Қазақстан облысында 400-ден астам нысандар салынған. Осыған жуық құрылыс объектілері Алматы қаласы мен Алматы, Атырау облыстарында да бой көтерген.

Бұл құрылыс нысандары өз кезегінде құбырларды пайдалану қауіпсіздігін, сондай-ақ апаттардың салдарын уақытылы алдын алуды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.

Жүргізілген талдау барысында осы жағдайға алып келген бір қатар себептер анықталды. Олардың қатарына қолданыстағы заңнаманың кемшіліктерін, магистралды құбырлардың қорғау мен қауіпсіздік аймақтарының белгіленбеуін, жергілікті атқарушы органдардың заңсыз әрекеттерін жатқызуға болады.

Мәжіліске Оңтүстік Қазақстан облысының аудан және облыс  деңгейіндегі жергілікті атқарушы органдардың басшылары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, «КазТрансОйл»,«Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның басшылары қатысты.

Аталған жиналыс халықтың қауіпсіздігін, магистралды құбырларларды пайдалануын қамтамасыз етуге байланысты проблемаларды талқылауға және оларды шешу үшін тиісті шаралар қабылдауға арналған алаң болып табылды.

Қазіргі таңда Бас көлік прокуратурасымен магистралды құбырлардың айналасында бөтен объектілерді салу және жерлерді бөлу деректерін болдырмауға бағытталған бір қатар ұсыныстар, соның ішінде заңнамағатиісті өзгерістер дайындалуда.

 

Бас көлік прокуратурасының ақпарат қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.