You are here

Көрінеу жалған сөз жеткізген тұлғаға қатысты шығарылған айыптау үкім туралы БАҚ-на ақпарат

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас көлік прокуратурасы заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту үшін жұмыстар атқарып келеді.

Қадағалауды жүзеге асыру кезінде азаматтардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауға әрдайым Бас көлік прокуратурасы назар аударуда.

22.03.2016 жылы сотталушы С. Қызылорда ст.ІІЖб-нің полиция қызметкері А. өзінің өкілеттігін асыра пайдаланып, оны темір тордың ішіне кіргізіп, екі қолына кісен салып, екі бүйрегінен ұрып-соғып, дене жарақатын салғаны туралы көрінеу жалған сөз жеткізіп, адамды ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұласқан іс-әрекет жасаған.

Қызылорда қалалық №2 сотының 11.08.2016 жылғы үкімімен С. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 419 бабының 3 бөлігімен, яғни көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін кінәлі деп танып, оған 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 20.10.2016 жылғы қаулысымен Қызылорда қалалық №2 сотының 11.08.2016 жылғы үкімі өзгеріссіз, сотталған тұлғаның апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды.

 

 

                                                                          Қазақстанның Бас көлік прокуратурасының ақпарат - қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.