You are here

Көлік мекемелерінде еңбек заңнамасының сақталуына талдауды Қазақстан Республикасы Бас көлік прокуратурасының алқасымен қаралғандығы туралы БАҚ –на ақпарат

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ү.ж. 1 шілдесінде Қазақстан Республикасы Бас көлік прокуроры Ы.Ә. Тілеуғалеевтің төрағалық етуімен ҚР БКП кеңейтілген алға отырысында көлік мекемелерінде еңбек заңнамасының сақталуы мәселелері қаралды.

Алқа отырысының жұмысында Қазақстан кәсіподақ Федерациясының төрағасы В.П. Рогалев және РК БКП жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету сұрақтары бойынша Консультативтік кеңестің өзге мүшелері, ҚР ДСжӘДМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон, РК ИжЖМ азаматтық авиация комитеттерінің басшылары, көлік мекемелерінің басшылары, көлік жұмысшыларының салалық кәсіподағының, теміржол көлігіндегі ардагерлер Кеңесінің өкілдері, «ҚТЖ» ҰК» АҚ бірлескен Омбудсмен қатысты.

Көлік мекемелерінің жұмысшыларының конституциялық және еңбек құқықтарының өндірістік процесстердің онтайландыру жағдайындағы сақталуы көлік прокуратурасының басым бағыттарының бірі.

Айрықша көңіл жұмыс орындарының қысқаруы сұрақтарына бөлінді.

2014 жылдан бастап көлік мекемелерінде 10 мыңнан астам жұмыс орындары қысқарды, сонымен бірге 4 655 жұмысшының жұмыстан босатылды, оның ішінде 3 546 қазіргі таңда жұмыспен қамсыздандырылды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ алдағы қайта құрылуында (97 компаниядан 35 ұйымдастыру жоспарлануда) да қауіп бар.

Сондықтанда алқа отырысында жұмыс орындарының қысқару салдарын жеңілдету бойынша бірлескен, жоспарланған жұмыстың қажеттілігі белгіленді.

Осы жұмыста басты рольдердің бірі кәсіподақ мекемелерінің құқыққорғау фукцияларына берілген.

Бұдан басқа, көлік жұмысшыларының еңбек құқықтарының – заңсыз жүмыстан босату мен жалақының уақытылы төлемеуінен бастап, еңбек қауіпсіздігі талаптарының жүйелі бұзылуына дейін сынға тартылды.

Жұмыс берушілерге бұзушылықтар мен кемшіліктерді жоюға бағыттылған толық шаралар қабылдау, мүдделі органдармен бірігіп ұжымдар арасында сапалы және уақытылы түсіндіру жұмыстарын жөнге салу, жұмысшыларды еңбекпен қамсыздандыру бойынша барлық мүмкін шараларды қабылдауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Алқа отрысының қатысушылары көлік жұмысшыларының еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша кәсіподақтар, жұмыс берушілер жіне уәкілетті органдардың өзара әрекеттесу Бағдаржолын тандады.

 

Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.