You are here

Достық көлік прокуратурасының Бескөл және Ақтоғай стансаларында орналасқан темір жол мекемелерінің қызметкерлерімен және бизнес өкілдерімен жүргізілген кездесулер туралы БАҚ-ақпарат

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Достық көлік прокуроры Ғ.Б. Әбдіхалықов ағымдағы жылдың 09 және 10 ақпанында Бескөл және Ақтоғай стансаларында орналасқан көліктегі мекемелердің ұжымдарында қоғамдық-саяси жағдайдың шиеленесу ахуалын анықтау, жұмысшылардың конституциялық құқықтарының бұзылуының жолын кесу және алдын-алу мақсатында көліктегі мекемелердің жұмысшыларымен және бизнес өкілдерімен «Шенеулік және кәсіпкер» атты акциясы жөнінде кездесу өткізді.

Кездесуге Бескөл және Ақтоғай стансасында орналасқан көлік мекемелері, оның ішінде ірі «ҚТЖ- Жүк тасымалы» АҚ «Жүк тасымалдау Алматы бөлімшесі» филиалының Ақтоғай локомотив пайдалану депосы жұмысшылары, еңбек инспекциясы, көліктегі бақылау инспекциясы, табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің мамандары және жергілікті бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.

Кездесу барысында өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, көліктегі мекемелердің жұмысшыларына қолданыстағы еңбек заңнамасының нормаларын, құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидасы, өңірдегі құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмыстық ахуалды төмендету шаралары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Достық көлік прокуратурасында тұрақты негізде жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс тобы қызметін атқаруда екені жұмысшылардың назарларына салынды.

Бизнес өкілдеріне «Шенеулік және кәсіпкер» атты акциясы шегінде кәсіпкерлерді заңсыз тексерулерден қорғау жөнінде прокуратурмен құрылған мобилдік топ бар екендігі жөнінде ақппараттар беріліп, ҚР БП ҚСжАЕА Комитетінің ақпаттық сервис жұмысымен толығырақ таныстырылды.

Кездесу сонында қатысушыларға ақпараттық парақтар таратылды.

 

                                                                                                                                              Достық көлік прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.