Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ү.ж. 17 мамырында 23 сағат 41 минутта Астана қаласы әуежайының диспетчерлік қызметінен «Бек Эйр» АҚ-ның «Астана-Ақтөбе» бағытындағы әуе кемесінің апат дабыл сигналының пайда болуына байланысты қайта оралуы туралы жедел ақпарат түсті.

Әуе кемесінде 108 жолаушы болған, оның ішінде 17 бала және 6 экипаж мүшесі.

18.05.2017 жылы 01:09 сағатта Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру басқармасының қызметкерімен жоғарыда аталған әуе кемесіне Алматы қаласына техникалық ұшуға рұқсаттама берілген.

Алайда, осындай рұқсаттаманы заңнамаға сәйкес және «Бек Эйр» АҚ-ның әуе-кемесімен орын алған жағдай міндетті тексерілуге жататындықтан Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тергеу Комиссиясы ғана бере алады.

Сол кезге дейін Комиссияның құрылмағандығына, уәкілетті органдардың әуежайға келмеуіне байланысты, Астана қаласы әуе көлік прокуратурысымен адамдардың өмірі мен деңсаулығына қаупінің алдын-алу мақсатында техникалық ақауға әуекемені пайдаланымға тиым салынған.

Сонымен қатар, Астана қаласының әуежайындағы ІІЖБ ақаулы қону дерегі СДБТ ҚК 344 бабы 1 тармағы бойынша тіркелді (әуе көлiгiн пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу).

Тергеу барысында полиция қызметкерлерімен көлік құралына қарау жүрігіліп, мөрлеп жабылып (тергеу объектісі болып табылады), «Казаэронавигация» РМК әуе кеменің ұшуына тиым сату туралы талап жолданды.

Көрсетілген заңбұзушылықтар бойынша Инвестициялар және даму министрлігіне хат жолданды.

Әуе кеменің әрі қарай пайдалану мәселесі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органымен шешіледі.

Қазіргі таңда полиция мен әуекомпания басшысы Н. Жумасултанов арасындағы орын алған оқиға бойынша жинақталған құжаттар көлік прокуратурасымен зерттелуде.

Заңбұзушылық деректері орын алған жағдайда тиісті шаралар қолданылады.

 

Қазақстан Республикасының

Бас көлік прокуратурасының

ақпарат қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.