You are here

Айыппұлды төлеуге мүмкіншілігі жоқ тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін меморандумға қол қойылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылорда көлік прокуратурасы Қызылорда қаласы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, Қызылорда желілік ішкі істер бөлімдерімен және Қызылорда облысы бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп мемлекет алдында қарызы бар тұлғаларды жұмысқа орналастыруда.

Шара төртжақты мемарандумның аясында өткізілуде. Оның басты мақсаты – кіріс көзі жоқ борышкерлерді жұмысқа орналастыру және жалақысы есебінен әкімшілік айыппұлдарды төлеуге мүмкіншілік беру.

Мысалы, қоғамдық орында спирттік ішімдік ішкендері үшін азаматтар «С» және «Б» сотпен айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылған. Табыс көзі болмауына байланысты олар айыппұлдарын төлей алмаған.

Қазіргі уақытта мемарандум аясында азаматтар «С» және «Б» «Арал-Су-Кұрылыс» ЖШС-не жұмысқа орнастырылды.

Бұл шаралар оларға тиісінше 11 345 және 22 690 теңге көлемінде айыппұлдарын төлеуге және қатаң жауапкершіліктен құтылуларына мүмкіндік берді.

Қызылорда көлік аймағы бойынша мұндай тұлғалардың саны 20, олардың қарыздарының жалпы соммасы 239 320 теңгені құрайды.

Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

 

 

Қызылорда көлік прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.