You are here

«Алаяқтардан абай болыңыздар!»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мүліктік зиян келтіретін қылмыстардың бірі – алаяқтық.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190 бабына сай, алаяқтық - алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру.

Бұл қылмыстың тікелей объектісі - ақша, жылжитын және жылжымайтын мүліктер, тауарлық-материалдық құндылықтар.

Алаяқтық алдау әр түрлі сипатта болып келеді.

Алаяқтар өздерінің құрбандарын, яғни алдайтын адамдарды  әрқилы жерлерден іздейді.

Бұл сауықтыру және сауда орындары, әуежайлар, қоғамдық көліктер, оның ішінде басым көпшілігі - теміржол вокзалы болып табылады, себебі бұл жерде сасқалақтап, тез алданып қалатын адамдарды жиі кездестіруге болады.

Қылмыс жасау үшін алаяқтар әбден тексерілген амалды (механизмді) қолданады, яғни олар өздерінің қиыншылықтарын айта отырып, адамдардың сеніміне кіреді, олардан көмек сұрайды.

Оның ішінде, кең таралған амал - ұялы телефонмен хабарласу.

Бірінші рет, алаяқтар әдетте сөйлесе алмаған кейіп танытып, телефонды иесіне қайтарып береді. Мұның бәрі адамның сеніміне кіру үшін жасалады, кейін арада біраз уақыт өткен кезде, ол телефонды қайтадан сұрайды, бірақ ол бір ғана мақсатпен – ұялы телефонды заңсыз иемдену.

Құрметті азаматтар, өте сақ болыңыздар!

Алаяқтарда барлығы алдын-ала ойластырылған,

егерде олардан айлаңызды асырамын деп ойласаңыз,

Сіз қатты қателесесіз!

Естеріңізде болсын, тым артық сенімділік –

өзіңізге кесірін тигізуі мүмкін!

 

Қандыағаш көлік прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.