You are here

АН-28 әуе кемесінің апатына қатысты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2017 жылдың 3 қазанында 18:50 сағат шамасында Алматы облысы Іле ауданы Междуреченск ауылы маңында «Алматы-Шымкент-Алматы» бағытында әуе рейсін орындау кезінде АН-28 әуе кемесінің апаты орын алды.

Ұшақ бортында 5 адам болған: Цой Г.С. (әуе кемесінің командирі), Кутафин Е.В. (екінші ұшқыш), Акматбаев Б.О. (әуе технигі), Патсаев Т.А. (акушер-гинеколог) и Артыкбаев Ж.Т. (дәрігер-реаниматолог).

Көрсетілген тұлғалар қаза болған.

Ұшақ «East Wing» АҚ тиесілі және сол күні «Республикалық санитариялық авиация орталы» ШЖҚ РМК санитарлық тапсырмасын орындаған.

Ұшақ апатының дерегі 2017 жылдың 3 қазанында Алматы қаласының әуежайындағы ІІЖБ СДБТ Қылмыстық кодекстің 344 бабы 3 тармағымен көзделген қылмыстың белгілері бойынша тіркелді (абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әуе көлiгi жүрісі және пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу).

Қылмыстық іс Бас көлік прокуратурасы арнайы прокурорлар басқармасының өндірісіне қабылданатын болады, олар бойынша процесстік прокурорлар анықталды.

 

 

Қазақстан Республикасы

Бас көлік прокуратурасының

баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.