You are here

2015 жылмен 2016 жылдың 9 айындағы халық денсаулығына және имандылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша сот тәжірибесі және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы БАҚ-на ақпарат

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қылмыстық қудалау органы қызметінің 2012-2016ж.ж. аралығындағы есірткі және есірткі бизнесіне қарсы күрес туралы салалық бағдарламасын іске асыруда негізгі бағыттардың бірі болып табылады (12.04.2012ж. №451 ҚР Үкіметінің қаулысы).

Республика бойынша көлік прокуратурасына қарасты 2016 жылдың 9 айында соттарда қаралған қылмыстық құқық бұзушылықтардың 32,1% пайызы халық денсаулығына және имандылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар орын алған.

Статистиканың орташа мәлеметі бойынша, осындай құқық бұзылушылықтарды жасайтын 30-дан 50-ге дейінгі жас шамасындағы орта білімді Қазақстанның азаматтары болып келеді. Солардың ішінде көпшілігі ер адамдар.

Соттарда қаралған қылмыстық істердің негізгі бөлігі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау туралы қылмыстық теріс қылықтар болып келеді.

Мысалы, 2016 жылдың 27 қыркүйек айында Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотының үкімімен Е.Б.Қайыржанов бір дана сіріңке қорабына салынған  салмағы 26,95 грамм есірті заты (кептірілмеген марихуана) өткізу мақсатынсыз, заңсыз сақтаған үшін ҚК-тің 296 бабы 2 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып 120 сағатқа қоғамдық жұмыстар жазасы берілген.

Есірткіге қатысты қылмыстарды өткен жылмен салыстырғанда 36,8% пайызға көбейіп отыр.

Қылмыстың көбеюі, құқық қорғау органдарының есірткіге қатысты қылмыстардың алдын-алуға бағытталған іс шаралардың өз деңгейінде жүргізілмеуі деп есептейміз.

Қаралған қылмыстық істердің барлығы бойынша сотпен айыптау үкімі шығарылып, сотталушыларға әр түрлі жазалар тағайындалған.

Бас көлік прокуратурасы заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту барысында қылмысты болдырмай, алдын алу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына мақалалар жариялап, телеканал мен радиодан сұқбаттар жүргізіп, халық денсаулығына және имандылыққа қарсы қылмыстың қаншалықты қоғамға қауіпті екендігі туралы халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізіп келеді.

 

Қазақстанның Бас көлік прокуратурасының

ақпарат - қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.