You are here

Баспасөз ақпараты

Қазақ

Қызылорда көлік прокуратурасымен «Прокуратура туралы» ҚР Заңының қағидаларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді

12 қыркүйекте Қызылорда көлік прокуратурасымен дөңгелек үстел өткізіліп, онда «Прокуратура туралы» Заңының қағидаларына түсіндіру берілді.

Аталған шараға ішкі істер, жергілікті атқару органдары, көлік саласы жұмысшылары және «Нұр Отан» қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстелдің қатысушыларына жаңа Заңның негізгі бағыттары, тұрпаты мен қадағалау шегі, тексеру мен талдау  жүргізу тәртібі, тексеру жүргізілетін субъектің құқығы мен міндеттері, құқықтық актілердің жүйесі, қылмыстық қудалау жүргізудегі прокуратураның маңызы түсіндірілді.

Пікірлер саны: 0

БАҚ үшін ақпарат

Темір жолдағы адамдардың жарақаттану фактілерінің көбеюіне байланысты Қазақстан Республикасының Бас көлік прокуратурасымен көлікте Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысын өткізуі жоспарланған. Онда бүкіл мүдделі органдар және ұйымдармен темір жолда адамдардың қауіпсіздігі жөніндегі мәселелер талқыланатын болады.

Отырысы 2017 жылдың 13 қыркүйекте сағат 15:00-де Астана қаласы, Мәңгілік ел, 14, Бас прокуратураның ғимараты, 2 қабат, Мәжіліс залы мекен-жайы бойынша өткізіледі.

Пікірлер саны: 0

Автомобиль көлігімен заңсыз тасымалдауға қарсы атқарылған жұмысы туралы

Оңтүстік Қазақстан облысында көлік прокуратурасының бастамасымен автокөлікпен жолаушылар мен жүктерді заңсыз тасымалдаушылармен күресу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Осы жұмыстың аясында 4 қыркүйегінде Шымкент көлік прокуратурасында уәкілетті органдар мен бизнес субъектілері өкілдерінің қатысуымен дөнгелек үстел өткізілді.

Жиналыстың қортындысымен халық арасында сұранысқа ие бағыттар бойынша рейстерді көбейту, автобустарға бірыңғай үлгідегі логотиптерді орналастыру, «Заңсыз тасымалға жол жоқ» акцияларын өткізу  және заңсыз автобус тұрақтарын жою туралы шешім қабылданды.

Пікірлер саны: 0

Қылмыстық процессті оңтайландыру мәселелері бойынша дөңгелек үстелді өткізу туралы

 

31 тамызында Шымкент көлік прокуратурасымен Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық соты және Шымкент стансасындағы желілік ішкі істер бөлімінің қатысуымен қылмыстық процесті оңтайландыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Отырыстың қортындысымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Пікірлер саны: 0

Теміржолшылармен кездесу

Осы жылдың 23 және 28 тамызында Ақмола көлік прокуратурасымен Көкшетау мен Астана қалаларында Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі ұжымымен кездесу өткізілді, аталған шарада 30-дан астам басшылар санаттағы адамдар қатысты.

Жиналыс мәжілісінде прокуратураның көліктік инфрақұрылым объектісінің қызметінде өткізген тексерістің нәтижелері жеткізілді, сонда локомотив пен вагон шаруашылық жұмысында көрініс тапқан негізгі кемшіліктер аталды.

Пікірлер саны: 0

28 тамыздағы БАҚ үшін ақпаратқа қосымша

Темір жолдағы адамдардың жарақаттану фактілерінің көбеюіне байланысты Қазақстан Республикасының Бас көлік прокуратурасымен көлікте Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысын өткізуі жоспарланған. Онда бүкіл мүдделі органдар және ұлттық тасушымен темір жолда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі өткір мәселелер талқыланатын болады.

Пікірлер саны: 0

Жасырын тауар заттарын мемлекет кірісіне өндіру туралы

Павлодар көлік прокуратурасы орындау құжаттарының заңдылық жағдайын талдай отырып, мемлекеттік бюджетке 1,4 млрд. теңге өндіруде шаралар  қолданды.

Павлодар қаласының №2 сотының үкімімен Аманбаев А.Е. экономикалық жасырын тауар алғаны үшін жасырып алған мүлкін тәркілеумен 1000 АЕК көлеміндегі айыппұл төлеумен сотталған (халықтық қолданыстағы 807 тауар атауы).

Үкімді орындау үшін сотпен Павлодар облысының әділет Департаментіне мемлекет кірісіне көрсетілген жасырын тауар заттарын өндіру жайлы орындау құжаты жіберілген.

Пікірлер саны: 0

Ақмола көлік прокуратурасымен жүргізілген еңбек ұжымымен кездесуі туралы

Ақмола көлік прокуратурасымен ағымдағы жылдың 2 маусымында Есіл қаласында еңбек заңнамасының қолданылуы мәселесі бойынша «Есіл-Локомотив» ЖШС-нің ұжымымен кездесу өткізілді.

Аталған іс-шараға Есіл ауданы әкімі аппаратының, еңбек инспекциясының, «Нұр-Отан» ХДП, аудандық кәсіпкерлік палатасының өкілдері және «Есіл-Локомотив» ЖШС-нің 32 жұмыскерлері қатысты.

Кездесу барысында еңбек ұжымы өз ойларын айтып, жалақыны уақытылы төлеу мәселелері және оны шешу жолдары талқыланды. 

Пікірлер саны: 0

Жетісу көлік прокуратурасының қызметкерлерімен балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтауы туралы

Жыл сайын Жетісу көлік прокуратурасы, негізгі қызметі ата-анасының қамқорлығынан айрылған, ауыр түрдегі ОНЖ зақымдануымен, Дауна синдромымен және басқа да даму мен психикалық ауытқулары бар  5 жасқа дейінгі  балаларды емдеу, оңалту, тәрбиелеу және қарау болып табылатын    «№1 Қалалық мамандандырылған балалар үйіне» қайырымдылық көмек көрсетеді.

Биыл балалар олардан басқа 40 бала тәрбиеленіп және емделіп жатқан «№2 Қалалық мамандандырылған балалар үйіне» ауыстырылды.

Пікірлер саны: 0

Саяси куғын-сүргін мен ашаршылық құрабандары мемориалына гүл шоқтарын қою

А.ж. 31 мамыр күні Атырау көлік прокуратурасының қызметкерлері саяси куғын-сүргін  құрабандарын еске алып, қалалықтармен бірге «Ескерткіш» мемориалына гүл шоқтарын қоюға қатысты.

Атырау облысының әкімідәстурге айналдырған осы шараға прокуратура қызметкерлері жыл сайын қатысып келеді.

Қазақстан үшін бұл күннің ерекше мағынасы бар.

Пікірлер саны: 0

Беттер


Subscribe to RSS - Баспасөз ақпараты
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.